Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу пункттеріндегі
шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №21 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туроператорларды хабардар етсін.
- Осы қаулы 2022 жылғы 8 маусым сағат 00-де күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова