
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылы 157,5 млн. АҚШ долларын (экспорт – 78,1 млн., импорт – 79,4 млн. АҚШ доллар) құрады. 2022 жылда 121,9 млн. АҚШ долларын (экспорт – 58,6 млн., импорт – 63,3 млн. АҚШ доллар) деңгейінде белгіленді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 18,8 млн. АҚШ долларын, 2020 жылы 12,5 млн. АҚШ долларын құрады.
2022 жылы Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық операциялармен, құрылыспен, көлік-логистикалық қызметтермен, делдалдық қызметтермен, жиһаз және азық-түлік өндірісімен айналысатын эстон капиталының қатысуымен 74 кәсіпорын тіркелген.
Экономикалық, ғылыми және технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан-Эстония Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) жұмыс істейді. ҮАК-тің қазақстандық бөлігінің тең төрағасы - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин.
ҮАК-тің алты отырысы өткізілді (2010 ж. наурыз - Таллинн, 2011 ж. ақпан – Астана, 2012 ж. 28 тамыз - Таллинн, 2013 ж. 5-6 қараша – Астана, 2016 ж. 24 қазан - Таллинн, 2019 ж. 6 маусым – Астана). ҮАК-тің кезекті 7-ші отырысын өткізу мәселесі тараптардың қарастыруында.
2018 жылғы 23-26 мамырда Эстония Қорғаныс министрлігі мен қорғаныс өнеркәсібі компанияларының өкілдері KADEX-2018 халықаралық әскери-технологиялық көрмесіне қатысып, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізді.
2018 жылғы қыркүйекте Алматыдағы «TransKazakhstan» мамандандырылған халықаралық көрмесінде Эстонияның жетекші 11 көліктік-логистикалық кластерлік компаниялары ұлттық стенд ұсынды.
2019 жылдың 11-13 наурызда Таллинн техникалық университетінің ректоры Яак Авиксоо бастаған делегация Астанаға цифрлық технологияларды қолдануға арналған «Цифрландыру: Эстония тәжірибесі» халықаралық форумына қатысу үшін барды. Эстония делегациясы цифрлық шешімдерді өмірдің және экономиканың әртүрлі салаларында сәтті енгізу тәжірибесімен, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісті. Форум қорытындысы бойынша Таллинн техникалық университеті Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды.
28-31 наурызда және 4-7 сәуірде Шымкент қаласының 25 адам делегациясы жұмыс сапарымен қала әкімшілігінің жұмысын цифрландыру, еңбекті ұйымдастырудың және жоғары білікті қызметкерлерді қамтамасыз етудің заманауи әдістерін, сондай-ақ құрылымдардың өзара іс-қимылына инновациялық тәсілдерді зерделеу бойынша жұмыс сапарымен болды.
2019 жылдың сәуір айының соңында ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ делегациясы логистикалық ағындарды ұлғайту, тарату орталықтарының жұмысында инновациялық шешімдерді енгізу және қолдану тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ, жұмысты оңтайландыру және өңірлік кеңселерді жаңғырту мақсатында Таллиннде болды.
2019 жылы Эстония өкілдері Қазақстанның екі маңызды шарасына: Астана экономикалық форумына (16-17 мамыр), оған Рийгикогу депутаты М.Корб, Таллинн (М.Кылварт), Маарду (В.Архипов), Кохтла-Ярве (Н.Янченко) қалаларының мэрлеры, сондай-ақ, Еуразиялық медиа форумына (22-24 мамыр) Эстонияның экс-президенті Тоомас Хенрик Ильвестің қатысты.
2020 жылдың 13-14 мамырда Қытай мен Швеция арасындағы Эстония арқылы өтетін контейнерлік пойыздарға қызмет көрсетуді дамытуға арналған «TRANSESTONIA 2020» логистика бойынша веб-конференция өтті. Конференцияға Қытай, Қазақстан, Ресей, Эстония және Швецияның логистика және мемлекеттік секторы өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.С.Камалиев және ҚР ҚТЖ өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты ынтымақтастықты нығайту және «Солтүстік Жібек жолы» деп аталатын бағыттағы жүк тасымалы көлемін арттыру болды.
Конференция қорытындылары бойынша ұлттық дамудың бағдарламалары мен еуразиялық бағыттар бойынша халықаралық келісімдерді ескере отырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайту және жаңа бизнес қызметтерін дамыту мақсатында тараптарға Солтүстік жібек жолы дәлізі елдерінің арасындағы ынтымақтастық пен байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін Таллинн декларациясының мәтіні бекітілді.
2020 жылдың қарашасында жасыл экономика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуникация салаларын ұсынатын эстон кәсіпкерлерінің делегациясы Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысында болды. Сапар барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы жасыл технологиялар, балық өндіру, қоқыс өртеу зауытының құрылысы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2021 жылғы 26 мамырда Эстониядағы Қазақстан Елшілігі, Эстонияның Қазақстандағы Елшілігі, Эстония Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Kazakh Invest Ұлттық компаниясы» АҚ онлайн-форматта қазақстандық-эстондық бизнес форумын өткізді.
2021 жылғы 13-15 қазан аралығында Алматыда өткен «TransLogistica» мамандандырылған халықаралық көрмесінде көлік-логистикалық кластердегі 11 жетекші эстондық компаниялар жеке ұлттық стендпен таныстырылды.
2021 жылғы 20-22 қазанда Эстония ауыл шаруашылығы палатасы мен Эстония мал шаруашылығы қауымдастығының делегациялары «KazAgro/KazFarm-2021» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысу үшін Қазақстанға сапар жасады. Сапар аясында эстондық делегацияның «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-мен келіссөздері өтті.
2021 жылғы 29-30 қараша аралығында Эстонияға «ҚТЖ» АҚ (транзиттік жүктерді тасымалдау) мен қазақстандық фермерлердің (ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұйымдастырушы) жекелеген делегациялары келді.
2022 жылғы 25 сәуірде ҚР Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК АҚ және Эстонияның Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы, балық аулау, химия өнеркәсібі, консалтинг және қаржылық қызметтер секторларындағы эстондық кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен Қазақстан-Эстония инвестициялық вебинарын ұйымдастырды.
2022 жылғы мамыр айында Ида-Вирумаа аймағынан эстониялық кәсіпкерлер делегациясы Алматыға барды, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы және жергілікті бизнес қауымдастықтарымен байланыс орнатты.
2022 жылдың қыркүйегінде көлік-логистикалық кластердің 10 эстондық компаниясы Алматыда өткен «TransLogistica» халықаралық көрмесіне қатысты, оның ішінде Эстония Республикасының Силламяэ және Таллинндегі ірі теңіз порттары, сондай-ақ, «Эстония темір жолдары» бар. Эстониялық компаниялар жеке ұлттық стенд аясында ұсынылды.
2022 жылдың 27 қыркүйек – 2 қазан аралығында «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару және сервистік субъектілер қауымдастығы бастаған қазақстандық делегация тұрғын үйді басқаруға маманданған эстон ұйымдары қызметінің тетіктерін зерделеу мақсатында Таллинн қаласында болды. Сапар барысында Эстонияның жылжымайтын мүлікті басқарушыларды оқыту, біліктілігін арттыру және мүдделерін қолдау бойынша тәжірибесі зерттелді.
2022 жылдың қарашасы Ида-Вирумаа аймағының (11 компания) кәсіпкерлер делегациясы Астана және Алматы қалаларында болып, республиканың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, қазақстандық кәсіпорындармен B2B форматында кездесулер өткізді.
2022 жылғы желтоқсан айында Астанада эстондық «Omniva» пошта операторының делегациясы болып, «Қазпошта» АҚ басшылығымен логистикалық хабтарды дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықтың жолдарын талқылады.
2023 жылғы 4-10 ақпан аралығында Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляянеранд бастаған кәсіпкерлер делегациясы Қазақстанға келіп, Ақтау, Астана және Алматы қалаларында бірқатар кездесулер өткізді. Көліктік логистика саласындағы эстониялық компаниялардың өкілдері Қазақстанның транзиттік әлеуетімен танысуға және қазақстандық серіктестермен халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
2023 жылғы мамыр айында Қазақстанға эстондық «Turnit» компаниясының делегациясы барып, оның барысында «ҚТЖ» ҰК АҚ және «KazakhInvest» АҚ басшылығымен кездесулер өткізіп, теміржол билеттерін сату жүйесін цифрландыру жобасы бастама алды.
2023 жылдың қазан айында «Қазпошта» АҚ және «Eesti Post AS» эстондық пошта операторы (Omniva) әртүрлі жүктерді жеткізу кезінде, тараптардың өзара іс-қимылын көздейтін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2023 жылдың қазан айында ЭР Климат министрлігінің вице-канцлері Сандер Салмудың басшылығымен Эстония делегациясының сапары өтті. Делегация ҚР Көлік министрлігінде және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да кездесулер өткізіп, транзиттік ынтымақтастық мәселелерін талқылады