Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Назар аударыңыздар!

 

Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 57 мемлекеттің, оның ішінде Аустралияның азаматтарына бір жақты визасыз режим уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.

Жоғарыда аталған өзгерістер 2021 жылғы 1 Мамырға дейін қолданыста болады.

Демек 202" жылғы 1 мамырға дейін Қазақстанға сапар шегетін Аустралия азаматтары ҚР Сидней қаласындағы Бас Консулдығы арқылы, тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.

Қазақстан Республикасының визалары ҚР визасын беру тәртібіне сәйкес  рәсімделеді.

Аустралия сияқты 48 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға келесі санаттағы бір реттік визаларды шақырусыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз:

- Қызметтік (A3) – елде болу мерзімі 90 күн;

- Іскерлік (B1) – елде болу мерзімі 60 күн;

- Іскерлік (B3) – елде болу мерзімі 30 күн;

- Жеке (B10) – елде болу мерзімі 90 күн;

- Туристік (B12) – елде болу мерзімі 30 күн.

ҚР визаларын беру тәртібінде көрсетілмеген өзге жағдайларда өтінім берушінің ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті (толығырақ ақпаратты Елшіліктің Консулдық бөлімінен немесе mfa.gov.kz/sydney біле аласыздар).