Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан мен Аустралия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 29 жыл толуына орай Аустралия ұлттық университетінің студенттері Майкл Мэтисон-Денг пен Бенджамин Транг арнайы музыкалық шығарма жазды.
Майкл Мэтисонның айтуынша-ақша, бұл музыкалық туынды Қазақстанның көптеген керемет қарлы тауларында кездесетін әдемі табиғи флора мен фаунаны білдіреді. Біз әуенді жазғанда (алдымен гобой, сосын флейта), қазақ даласының таза ауасын, ағаштар мен гүлдердің жарқын түстерін, тау басындағы таңғажайып әдемі әппақ қарды көз алдымызға елестеттік.
Аустралияда бұндай таулар көп емес, бірақ бізде әдемі ағаштар мен жарқын түстері бар әдемі пейзаждар бар және біз онда көптеген параллельдер құрдық. Қыста Канберраның маңына қар жауады, ал таза ауа, суық орта және қар басқан таңғажайып пейзаж музыкаға үлкен әсер етті.
Кернейден кейін тромбонның ойынауымен бүкіл оркестрдің енуімен, "Қазақстанға арнаудың" шарықтау шегі, оның артында біз Алатаудың қарлы шыңдарын көзге елестеткенде батылдық, батырлық сезімі тұрды.