ҚР Сидней қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өкілдерінің Аустралияның ірі жоғары оқу орындарының бірі арасында онлайн вебинар

ҚР Сидней қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өкілдерінің Аустралияның ірі жоғары оқу орындарының бірі арасында онлайн вебинар

Ү.ж. 6 қазанда ҚР Сидней қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өкілдерінің Аустралияның ірі жоғары оқу орындарының бірі Виктория университеті, Мельбурн университеті, Сидней университеті және Суинбурн университеті арасында онлайн вебинар өтті.

Кездесу барысында онкология, стоматология, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды, академиялық байланыстарды жандандыруды, академиялық ұтқырлық шеңберінде оқушылармен алмасуды ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен семинарлар мен клиникалық-зерттеу жобаларын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Аустралияның аталған университеттері 5000-нан астам салалық серіктестері әлемнің үздік университеттерінің мамандандырылған тізіміне кіреді.