
1 қазан 2020 жылы Австралияның тау-кен өндіру секторы кәсіпорындарының Austmine жетекші қауымдастығы Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігімен және Сиднейдегі Қазақстанның Бас консулдығымен әріптестікте "Қазақстанның тау-кен өндіру нарығына шолу" вебинарын ұйымдастырды.
Вебинар австралиялық компанияларға Қазақстанның тау-кен өндіру нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысуға, ынтымақтастық перспективаларын, нақты жобаларды және қазақстандық нарыққа шығу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.
Austmine қауымдастыгының халықаралық бизнес жөніндегі директоры Роберт Тржебски мырзаға кіріспе сөз берілді, ал Қазақстанның құрметті консулы Джейсон Штирбинскис мырза пікірталас және сұрақтар мен жауаптар сессиясының модераторы ретінде сөз сөйледі.
"Казминералс Ақтоғай" бас директоры Фил Велтен мырза өзінің "Ақтоғай-қазір және болашақта" атты көрсетілімінде Қазақстандағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
"Тау-Кен Самұрық" АҚ инвестициялық департаментінің басшысы Нариман Әбсаметов мырза өзінің "Тау-Кен Самұрық-пен жаңа мүмкіндіктер" атты таныстырылымында компанияның мақсаттары мен жобаларын, сондай-ақ жаңа технологиялар мен технологиялық шешімдерге сұранысты атап өтті.
Пікірталас панеліне Eurasian Resources Group тобының бас техникалық директоры Михаил Каменев және AMC Consultants бас тау-кен инженері Мартин Стаплс мырза қатысты.
Austmine мүшелері get мониторинг жүйесінің типіне, Ақтоғай аумағындағы темір жолдарды жаңғыртудағы прогреске, Қазақстанның тау-кен заңнамасындағы өзгерістерге, пайдалы қазбалардың түрлеріне, жобаларда жасанды интеллект платформаларын пайдалану перспективаларына, тендерлік рәсімдерге және т.б. қатысты нақты сұрақтар қойды. Пікірталасқа қатысушылардың жауаптары ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін дәлелдеді.
Іс-шараға 30 австралиялық сервистік және технологиялық компаниялардан 50-ден астам қатысушы қатысты. Қазақстанның пайдалы қазбаларын өндіру тақырыбындағы вебинарларды тұрақты негізде өткізу көзделіп отыр. Келесі іс-шара 2021 жылдың басына жоспарланған