Мәдени әлеует Францияның Гебвиллер қаласында талқыланды

Мәдени әлеует Францияның Гебвиллер қаласында талқыланды

Гебвиллер, 2024 жылғы 18 желтоқсан – Франция өңіріне жұмыс сапары аясында ҚР Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы керамикалық бұйымдар көрмесіне қатысып, Еуропалық керамикалық өнер институтының басшылығымен мәдени байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Институт директоры Изабель Рабемен кездесу барысында қазақстандық шеберлердің жұмыстарын қолдана отырып, бірлескен көрмелер мен мәдени жобаларды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы ұсыныстар айтылды. Бұл шаралар француз көрермендерін қазақ мәдениетімен таныстыруды мақсат етеді.

Тараптар мұндай бірлескен іс-шаралар екі ел азаматтары үшін туризмді ілгерілетуге және Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени диалогты дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Керамика саласының даму үрдістерін талқылай отырып, сұхбаттасушылар бұл салаға шетелдік суретшілер мен шеберлердің тұрақты қызығушылық танытатынын ерекше атап өтті.

Француз әріптестері қазақстандық дипломаттарды экскурсия арқылы қыш-құмыра шеберлігінің қыр-сырымен таныстырып, Еуропалық керамикалық өнер институтының көрме залдарында ұсынылған жергілікті шеберлердің жұмыстарына ерекше тоқталды.

Еуропалық керамикалық өнер институты – Францияның Эльзас аймағында орналасқан керамикалық бұйымдарды дамыту және насихаттаумен айналысатын жетекші мәдени орталық. Институт жыл сайын заманауи және дәстүрлі керамика жасау техникасын қамтитын жергілікті және шетелдік шеберлердің жұмыстарының көрмелерін ұйымдастырады.