Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропа Кеңесінде киберқылмыспен күрес мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропа Кеңесінде киберқылмыспен күрес мәселелерін талқылады

Страсбург, 2024 жылғы 10-12 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің (ЕК) штаб-пәтерінде жұмыс іс-сапарымен болып, Киберқылмысқа қарсы конвенция Комитетінің 31-ші Пленарлық отырысына қатысты.

Пленарлық отырыс барысында А.Сайтбеков еуропалық сарапшыларды Қазақстанның тәжірибесі және Еуропа Кеңесімен киберқылмыспен күресудегі ағымдағы ынтымақтастық туралы хабардар етті.

Іс-сапар барысында қазақстандық делегация Басшысының Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьерн Бергемен екіжақты кездесуі өтті. Қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі оның ішінде киберқылмыстарды бойынша  ынтымақтастықтың келешегін талқыланды. Терроризм, есірткі бизнесі, адам саудасы және киберқылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Еуропалық тараппен қазақстандық құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес саласындағы әлеуетін күшейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен бірге ЕК-нің терроризмге қарсы күрес жөніндегі үйлестірушісі Карло Чиаромонтемен, Киберқылмысқа қарсы конвенция комитетінің Атқарушы хатшысы Александр Цегермен, ЕК-нің Цифрлық даму бөлімінің басшысы Кристиан Бархолинмен, сондай-ақ ЕК мүше елдердің бірқатар делегацияларымен жеке екіжақты кездесулер өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.