Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының делегациясы Еуропа Кеңесінің іс-шараларына қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының делегациясы Еуропа Кеңесінің іс-шараларына қатысты

Страсбург, 2024 жылғы 2-5 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев бастаған делегациясы Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде жұмыс іс-сапарымен болды. ЖС делегациясы Мәжбүрлеп орындау жөніндегі 3-ші Жаһандық форумға және Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның 43-ші пленарлық отырысына қатысты.

Пленарлық сессия барысында ҚР ЖС делегациясы жеке презентация жасады. ҚР ЖС Төрағасы А. Мерғалиев еуропалық сарапшыларды Қазақстандағы сот жүйесінің реформалары және оны цифрландырудың негізгі кезеңдері туралы хабардар етті.

Іс-сапар аясында қазақстандық делегация басшысының СТТЕК Президенті Франческо Депаскуалемен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотының Президенті Марко Бошнякпен екіжақты кездесулері өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.