Қазақстан Еуропа Кеңесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі

Қазақстан Еуропа Кеңесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі

Страсбург, 18-22 қараша – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (GRECO) 98-ші пленарлық отырысына қатысты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ұйымның алдағы қызметін айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды.

Орталық оқиғалардың бірі GRECO басшылығын сайлау болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде Дэвид Майер (Ұлыбритания) GRECO Президенті болып сайланды, ал Антонио Деликадо (Португалия) Вице-президент ретінде сайланды. Бюро құрамына сонымен қатар Кипр, Франция, Греция, Румыния және Швейцария өкілдері кірді.

Отырыс барысында 2025 жылға арналған GRECO қызметінің Бағдарламасы бекітілді, онда ұйымның мониторингтік жұмысын, институционалдық рөлін нығайтуды қоса алғанда, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды.