
Страсбург, 2024 жылғы 19-21 қараша – Еуропа Кеңесінде Гендерлік теңдік жөніндегі комиссияның 26-шы пленарлық отырысы өтті. Комиссия жұмысына Страсбург қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы белсенді қатысты.
Аталған іс-шараның аясында гендерлік теңдікті ілгерілету; гендерлік стереотиптер мен сексизмге қарсы; әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланған болатын.
Ағымдағы пленарлық отырысы барысында Страсбургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулы А.Бақытбекқызы сөз сөйледі. Қазақстандық дипломат өз сөзінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталды. Қазақстанның саяси және қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөліне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, А.Бақытбекқызы еуропалық сарапшыларды Қазақстандағы әйелдерді қолдау шаралары туралы хабардар етті.