Қазақстанның делегациясы Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы еуропалық конвенциялар іс-әрекеті жөніндегі сарапшылары Комитетінің отырысына қатысты

Қазақстанның делегациясы Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы еуропалық конвенциялар іс-әрекеті жөніндегі сарапшылары Комитетінің отырысына қатысты

Страсбург, 2024 жылғы 13 қараша – Еуропа Кеңесінде Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы еуропалық конвенциялар іс-әрекеті жөніндегі сарапшылары Комитетінің отырысы өтті. Комитет жұмысына ҚР Бас прокуратурасының және Страсбургтегі ҚР Бас консулдығының өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Өзара құқықтық көмек туралы Конвенциясына қосылуы туралы мәселе қаралды.

Бас прокуратураның өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық туралы толық ақпарат берді. Еліміздің құқықтық көмек мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастығы туралы бөлек айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет Өзара құқықтық көмек туралы Конвенцияға қосылуға қазақстандық өтінім бойынша ресми ұстанымды қабылдайды.

Аталған Еуропа Кеңесінің Конвенцияға қосылуы Еуропадағы қазақстандық сұраныстарды орындау үшін берік құқықтық негізін құруға мүмкіндік береді.