
Страсбург, 2024 жылғы 22 қазан – Қазақстанның Республика Күнін мерекелеу қарсаңында, ҚР Бас консулдығында Страсбург қаласында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен «еркін әңгіме» форматында «Геосаяси тұрақсыздық кезеңіндегі жастардың рөлі» тақырыпқа арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Еуропа Кеңесінің Жастар істері жөніндегі Еуропалық басшылық комитеті бюросының мүшесі, «Ұлан-ғайыр Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің директоры Валихан Бахретдинов қатысты.
Әңгіме барысында қазақстандық жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға және қазіргі заманның әлем мен Қазақстан алдында тұрған сын-қатерлерін түсінуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қатысушыларына қазіргі геосаяси ахуал мен оның экономикалық, экологиялық, білім беру және қауіпсіздік салаларына әсері туралы мәлімет берілді.
Ғаламдық геосаяси шиеленістің күшеюі жағдайында жастар өз елінің болашағын қалыптастыруда да, жаһандық үдерістерде де шешуші рөл атқарады. Шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер ерекше жағдайлары талқыланып, олар өз білімдері мен тәжірибесін әлемдік мәселелерді шешуге қолдана алады және халықаралық пікірталастар мен бастамаларға белсенді қатысушылар бола алатындықтары айтылып өтті.
Өз кезегінде, қазақстандық студенттер Қазақстандағы жастар саясатының негізгі аспектілері мен Еуропа Кеңесінің жастар бағыты аясындағы қызметіне қызығушылық танытты.