
Страсбург, 2024 жылғы 16 қазан – Еуропа кеңесінде (ЕК) ҚР Бас консулы Анель Бақытбекқызының ЕК Бас хатшысы Ален Берсемен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу басында Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы А. Берсені Еуропа Кеңесінің жоғары лауазымына сайлануымен құттықтап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу атынан құттықтау хатын табыстады.
Еуропалық ұйымның басшысы Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің екіжақты ынтымақтастығының қазіргі деңгейіне қанағаттанғандығын білдіріп, өзара іс-қимылдың тұрақты өсу серпінін атап өтті. Еліміздің дамуының әсерлі қарқындарды ерекше атап өтті.
Келіссөздер барысында А.Берсеге Қазақстандағы саяси өзгерістер, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берілді.
Тараптар Қазақстанның Еуропа Кеңесімен өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын талқылады. Қазақстан ЕК-ның халықаралық бастамаларын тұрақты түрде қолдайды және тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, дамуға және өркендеуге қол жеткізу жағдайлары болып табылатын демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты әмбебап құндылықтармен бөліседі.
Кездесу барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитетімен (MONEYVAL), Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы Еуропалық конвенциялардың қолданылуы жөніндегі сарапшылар комитетімен (PC-OC) тығыз ынтымақтастық орнату, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияға (Венеция комиссиясы), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) қатысу, ЕО-ның ҚР-мен 2024-2027 жылдарға арналған Тату көршілік ынтымақтастығының басымдықтары шеңберіндегі жұмысты күшейту мәселелерін, сондай-ақ еліміздің бірқатар Конвенцияларға қосылу мәселелері жеке талқыланды.
Қазақстандық дипломат мемлекетіміздің ішкі саяси күн тәртібіндегі құқық қорғау векторын нығайту, ұлттық заңнаманы реформалау туралы да баяндады.