
Страсбург, 2024 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Бас консулы Анель Бақытбекқызы Эльзас Еуропалық қауымдастығы Президентінің кеңесшісі Каролин Келлнер және Туризм департаментінің директоры Марк Левимен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Эльзас Еуропалық қоғамдастығы арасындағы туризмді дамыту, сондай-ақ Алматы және Маңғыстау облыстары әкімдіктерімен туризм саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында А. Бақытбекқызы Қазақстанның туристік әлеуеті туралы толық ақпарат беріп, осы жылдың қыркүйек айында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты маңызды оқиғаларды атап өтті. Қазақстанның шетелдік туристер санының жыл сайын өсуімен және жаһандық туристік рейтингтердегі позициясын жақсартумен туристік тартымдылығын нығайтып келе жатқаны атап өтілді.
Өз кезегінде, К. Келлнер қол қою жоспарланған меморандумдарға екі ел аймақтары арасындағы байланысты нығайтуға және туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті. М. Леви де Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша Бас консулдықтың ұсыныстарын толығымен қолдады.
Тараптар өзара концерттер ұйымдастыру, гастрольдер аясында мәдени алаңдарды ұсыну, туроператорлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан мен Францияның туристік әлеуетін ашуда отандық турблогерлерді тарту жөніндегі ұсыныстарды қолдады.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында ҚР басшылығы алға қойған ұлттық экономиканы жаңғырту, шетелдік инвесторлар үшін инфрақұрылымды дамыту және инвестициялық тартымдылықты жақсарту міндеттері тұрғысынан өзара инвестицияларды дамыту мәселелері қаралды. Кездесуге қатысушыларға Қазақстан халқына Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері, елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар тізімі қамтылған ақпараттық материалдар мен презентациялар француз тілінде тапсырылды.