
Страсбург, 2024 жылғы 12 шілде – Қазақстан Республикасының Бас консулы Анель Бақытбекқызы Страсбургтағы Еуропалық Парламент ғимаратында өткен алғашқы Әйел көшбасшыларының халықаралық форумына шақырылған спикерлердің қатарында сөз сөйледі.
Г.Мвого Сэйнт жетекшілігімен «Еуропалық ынтымақтастық жүйесі» қауымдастығы ұйымдастырған және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған шараға 150-ден астам әйел қатысты. Олар өз салаларындағы көзқарастары мен пікірлерін ортаға салды.
Форумның ашылу салтанатында және «Әйелдердің төзімділігін арттыру және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолдары мен шешімдері – Жаһандық Оңтүстік» сессиясында сөйлеген сөзінде Бас консул Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсарту бойынша қолға алынып жатқан шаралар мен реформаларды атап өтті. Ол «Жаңа әділетті Қазақстан» құру мақсатындағы Үкімет тарапынан табысты инновациялары, соның ішінде әйелдерге арналған кәсіпкерлікті дамыту орталықтары және «Цифрлық отбасылық әлеуметтік карта» сияқты тиісті құралдар мен кәсіби желілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік қаражат пен әлеуметтік көмекті нақты уақыт режимінде тиімді бөлу туралы әңгімеледі.
Жалпылай, Конференция, қатысушыларға бүкіл әлемдегі әйелдердің кәсіби және кәсіпкерлік қызметтеріне қолжетімділігін жақсартуға бағытталған түрлі жобалар мен платформаларды таныстыруға мүмкіндік берді. Өткізілген панельдік сессияларда жұмыс топтарының қатысушылары «Бейбітшілікті нығайту мен қақтығыстарды шешудегі әйелдер көшбасшылығы», «Әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлік» сияқты нақты бағыттар бойынша ұсыныстар әзірледі.
Айта кеткен жөн, іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Кот-д'Ивуар Сенатының төрағасы К.Камара, Габон Сенатының төрағасы П.Миссамбо, Зимбабве Сенатының президенті М.Чиномона, Францияның Үлкен Шығыс өңірінің вице-президенті Н.Хорнбек, Страсбург әкімінің орынбасары К.Видер және басқа да беделді тұлғалар болды.