Еуропа Кеңесінің басшылығы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жетістіктерін құптайды

Еуропа Кеңесінің басшылығы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жетістіктерін құптайды

Страсбург, 2024 жылдағы 21 маусым – 17-21 маусымы аралығында Страсбургта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 97-ші пленарлық отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) делегациясы қатысты.

Отырыста Қазақстанның 96-шы Пленарлық отырыста қабылданған, 1 және 2 біріктірілген раундтар бойынша есепті мемлекеттік тілге ресми аудармасымен жариялауға дайындығы айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанды бағалаудың 3-ші раундына арналған жұмыс тобының осы жылдың қыркүйегінде Қазақстанға сапары талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста ГРЕКО-ның 6-шы бағалау раундын өткізу ережелері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және субұлттық органдарда адалдықты ілгерілету» тақырыбында (аймақтық органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары), сондай-ақ елдік есептерді жариялау және құпиялылық мәселелері бойынша ГРЕКО ережелеріне өзгерістер талқыланды және бекітілді.

Отырыста 5-ші бағалау раундының мониторингтік есептері қабылданды (мемлекеттік орталық органдардағы (жоғары лауазымды тұлғалар) және құқық қорғау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдықты ілгерілету мәселелері) Андорра (23 ұсыныс), Швейцария (16 ұсыныс) және Монако (24 ұсыныс). Сондай-ақ, Сан-Марино, Румыния, Швейцария, Испания, Сербия, Черногория, Финляндия, Венгрия, Исландия, Словения және Ирландия бойынша ұсыныстарды орындау барысы туралы есептер қаралды.

Сонымен қатар, 97-ші ГРЕКО пленарлық отырысының аясында ГРЕКО-ның 25-жылдығына арналған сессия өтті. Сессияда Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьерн Берге, ГРЕКО Президенті Марин Мрчела, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың төрағасы Сиофра О'Лири, Венеция комиссиясының төрайымы Клэр Бази Малори және басқалар сөз сөйледі.

Мерейтойлық сессияда Қазақстан Республикасының Бас консулы Анель Бақытбекқызы сөз сөйледі. Ол ГРЕКО-ның атқарып жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін, сондай-ақ 2022 жылы мемлекет басшысы демократиялық өту кезеңін кеңейтіп, терең конституциялық реформа жүргізгенін баса айтты.

Бұл реформалар әділ Қазақстанға бағытталған елдің кешенді трансформациясына сәйкес келетінін және жаһандық адам құқықтарының көрінісіне елеулі үлес қосатынына ерекше назар аударылды. Бақытбекқызы Қазақстанда үкімет, құқық қорғау органдары, парламент өкілдері мен қоғам қайраткерлерінен тұратын заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару комитетінің табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Бас консул еуропалық әріптестеріне соңғы екі жылда Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне шамамен 2,2 миллиард АҚШ доллары, оның ішінде шетелден 589 миллион АҚШ доллары қайтарылғанын және бұл қаражаттың әлеуметтік қажеттіліктерге, оның ішінде балаларға арналған мектептер салуға жұмсалғанын жеткізді.

1999 жылы құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органы болып табылады, сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерін жетілдірумен және Ұйым стандарттарының сақталуын бақылаумен айналысады. Топ 49 мемлекетті біріктіреді. Қазақстан 2020 жылдың қаңтарынан бастап ГРЕКО-ның мүшесі болып табылады.