Еуропа Кеңесімен киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық орнату туралы

Еуропа Кеңесімен киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық орнату туралы

Страсбург, 2024 жылғы 21 маусым – 17-21 маусым аралығында Киберқылмыс туралы конвенция комитетінің (T-CY, Будапешт конвенциясы) пленарлық отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерінен құралған бірлескен делегация қатысты.

T-CY Хатшылығымен келіссөздер барысында 2024 жылғы 15 мамырда Астанада әзірленген ынтымақтастық жол картасын іске асыру, атап айтқанда, еліміздегі заңнамалық реформалар мәселелері талқыланды.

T-CY Хатшылығының басшысы А.Сегер Конвенция талаптарына сәйкес киберқылмыс және электрондық дәлелдемелер бойынша ішкі құқықтық базаны одан әрі нығайту жөніндегі күш-жігерінде Қазақстанды қолдауға Еуропа Кеңесінің дайын екенін растады.

Сондай-ақ, делегация «Жеке деректерді автоматтандырылған өңдеу кезінде жеке тұлғаларды қорғау туралы» конвенциясының (Т-PD, №108) Хатшылығымен табысты келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (КИБ МЦРИАП) мен №108 Конвенция комитеті Хатшылығы арасында тікелей байланыс орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

№108 Конвенция 1981 жылы қабылданған. Ол автоматтандырылған өңдеу барысында жеке деректер субъектілерінің құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қатысушыларды ұлттық заңнамасын Конвенцияға сәйкестендіруге міндеттеген алғашқы халықаралық құжат болып табылады. Конвенцияның мақсаты – жеке деректерді автоматтандырылған өңдеуде үлкен ашықтықты қамтамасыз ету.