
Страсбург, 2024 жылғы 21 мамыр - ҚР Бас консулдығының көмегімен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы мен Францияның Страсбург қаласында орналасқан Халықаралық ғарыш университеті (ISU) өкілдерінің онлайн кездесуі өткізілді.
Келіссөздер барысында тараптар ғарыш саласында кадрлар даярлауда ынтымақтастық орнату мүмкіндігін зерделеу мақсатында өз мекемелерінің қызметі туралы бір біріне ақпарат ұсынды.
Ғарыштық зерттеулерді дамытудың елеулі үрдісін және ғарышты игеру және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы келешектегі перспективаларды ескере отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» менеджменті атынан кездесуге қатысқан Арман Сыздықов пен Қанат Сахановтың ISU магистратурасының ғарыштық зерттеулер жөніндегі бағдарламаларына, түрлі қысқа мерзімді курстарға, сондай-ақ ЖОО тарапынан ұйымдастыратын әлемнің жетекші оқу орындарында кадрларды оқытудың көшпелі бағдарламаларына қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде ISU өкілі Дейн Кольт Қазақстанның ғарыш саласындағы елеулі мәртебесін білетіндігін атап өтті. Д. Колттың айтуынша, ISU ғарыш саласындағы жетекші әлемдік ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан және қазіргі уақытта осы Университет Орталық Азия мен Кавказдың бірқатар елдерінің салалық ведомстволарымен және оқу орындарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда.
Сұрақ-жауап сессия барысында ISU бай тәжірибесін және АҚШ пен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы «тораптық» орталықтары бар бүкіл әлем бойынша оқу орындары желісінің болуын ескере отырып, қазақстандық мамандардың аталған бағдарламаларға қатысуы тұрғысынан жан-жақты пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында тараптар егжей-тегжейлі ақпарат алмасу және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерді нақтылау арқылы диалогты одан әрі жалғастыруға келісті.
1987 жылы негізі қаланған, Франция мен АҚШ-та тіркелген ISU, әлемнің 110 елінен 5400-ге жуық түлектерді, соның ішінде ғарышкерлер мен кәсіпкерлерді, сондай-ақ ғарыш саласындағы мекемелер мен мемлекеттік құрылымдардың қазіргі және бұрынғы басшыларын даярлады. Университеттің оқытушылары – Ғарыш саясаты институтының Ғарыш саясаты және халықаралық қатынастардың зерттеуші профессорлары (Дж. Вашингтон Университеті), Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) және Ұлттық аэронавтика және ғарыш әкімшілігінің (NASA) астрономиялық және планетарлық миссияларындағы топ мүшелері болып табылады.