
СТРАСБУРГ, 7 ақпан – Бас консул Анель Бақытбекқызы Эльзас Еуропалық қоғамдастықтың "Эльзас Еврометрополь" Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Жан-Люк Хаймбургермен кездесу өткізіп, Қазақстанмен инвестициялық мәселелерін талқылады.
Әңгімелесу барысында сауданы одан әрі ілгерілету, сондай-ақ инвестициялық бағытты ынталандыру бойынша бірқатар бастамалар айтылып, ҚР Бас консулдығының жергілікті француз бизнесмендері үшін жол көрсетуші рөлі ерекше атап өтілді.
Өнеркәсіп, өндіріс және сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылай отырып, тараптар инвестициялық кеңестер, сауда-өнеркәсіп палаталар сияқты және т.б. түрлі платформалардың тетіктері арқылы өзара инвестициялар деңгейін арттыру қажеттілігі туралы пікірін қолдады.
Дипломат, Ж.Хаймбургерді ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мемлекет экономикасын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі Үкімет алдында қойған басымдықтары туралы хабардар етіп, сондай-ақ сұхбаттасушыны көмірсутегі нарығының негізгі ойыншысы ретінде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін дамыту және табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйелерін енгізу тәсілдерімен таныстырды.
Жалпылай, Қазақстан көптеген іскерлік мүмкіндіктері бар мемлекет болып табылатыны және шетелдік инвестициялық қатысушылар үшін бұл үшін бірегей жағдайлар жасалып жатқаны атап өтілді.
Страсбургта орналасқан "Эльзас Еврометрополь" сауда-өнеркәсіп палатасы Үлкен Шығыс өңірінің СӨП бөлігі бола отырып, Страсбург, Колмар және Мюлуздың 100 мыңнан астам ірі өндірушілерін қамтып, олардың мүдделерін білдіреді. Мемлекеттің ЖІӨ-нің шамамен 3% өндіріп, жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша екінші орында тұрған Эльзас экономикасының негізі автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, металлургия, шарап жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс болып табылады.