
СТРАСБУРГ, 3 ақпан – ҚР Бас консулы Анель Бақытбекқызы Франциядағы Үлкен Шығыс өңірінің жоғары оқу орындарында оқитын отандас студенттерімен кездесті.
Кездесу диалог форматында жайлы жағдайда өтті, оның барысында студенттер мен магистранттар өздерін қызықтыратын мәселелер жайлы ақпарат алды. Қазақстандық жастарды қызықтырған тақырыптар Француз лауазымдық тұлғаларымен және ведомстволарымен күн сайын туындайтын әкімшілік-тұрмыстық сұрақтармен қатар саяси-экономикалық аспектілерге тиесілі тереңірек сәттерге де қатысты болды.
Кездесуге қатысқан студенттер дипломаттардан Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, алдағы кезеңдегі маңызды оқиғалармен, сондай-ақ Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдарға (АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМҰ және т.б.) төрағалығы бойынша сыртқы саяси басымдықтарымен танысуға мүмкіндік алды.
Студенттердің назарын 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жетістіктеріне аудара отырып, А.Бақытбекқызы еліміз отандық экономикалық өсуде елеулі прогресс пен тұрақтылықты көрсеткенін атап өтті. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің айтарлықтай өсуі белгіленді, ол 2022 жылғы 2,7%-дан 4,9%-ға жетіп, $11,500 ден $13,300 дейін өсті.
Әңгімелесу барысында 2024 жылы Қ.Сәтбаевтың 125-жылдығы, С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың 100-жылдығы, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90-жылдығы сияқты ҚР жазушылары мен тарихи тұлғаларының мерейтойлық және атаулы күндеріне орайластырылған іс-шаралар, ұлттық күндер өткізуге студенттердің қатысуы туралы пікір алмасылды.
Дипломаттар студенттердің болу елінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастырудағы маңызды рөлдерін атап өтіп, қазақстандық жастарды тәртіпті сақтауға, оқу процесін сапалы игеруге, Отанды дамыту жолында пайдаланар Францияның оң және озық тәжірибесін меңгеруге шақырды.
Сонымен қатар, студенттерді консулдық есепке уақтылы қою, болу елінің заңнамасын және паспорттық-визалық режим ережелерін қатаң сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және Францияда болу мақсатына сәйкес келу қажеттіліктеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде қазақстандық студенттер Бас консулдықтың дипломаттарына ашық диалог жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.