
Страсбург, 2023 жылғы 25 қазан – 24-25 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ. Сарқұловтың бастамасымен қазақстандық делегациясының Еуропа Кеңесінің (ЕК) штаб-пәтеріне жұмыс сапары өтті.
Сапар аясында қазақстандық мамандар ЕК Экономикалық қылмыспен күрес дирекциясы ұйымдастырған «Виртуалды активтерді теріс пайдаланудың алдын алу – экономикалық қылмыспен күресудегі құралдар мен салыстырмалы тәжірибе» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысты.
Іс-шараға 12 юрисдикциядан тұратын, соның ішінде Орталық Азия мен Оңтүстік Жерорта теңізі өңірі мен Косово юрисдикцияларындағы министрліктердің, қаржылық барлау бөлімшелерінің, орталық банктердің, прокуратуралардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың және басқа да мекемелердің 50-ден астам өкілдері қатысты.
Қатысушы делегаттар практикалық білімдерін арттырып, виртуалды активтерді (ВА) теріс пайдалану және виртуалды активтерге қызмет көрсету провайдерлерін бақылауға қатысты халықаралық стандарттарды практикалық енгізумен, экономикалық қылмыстар мақсатында ВА теріс пайдаланудың ықтимал тәуекелдерімен, сондай-ақ ВА мұздатуға, ұстауға және қайтаруға байланысты тәжірибелерімен танысты.
Ұ. Сарқұлов өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобымен (ГРЕКО) нәтижелі ынтымақтастық туралы, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысы туралы хабардар етіп, басымдықтардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту болып табылатынын атап өтті. Осындай қадағалау және алдын алу шаралары қажетті негіздеме ретінде Қазақстанға әлеуметтік-экономикалық артықшылықтарды алуға мүмкіндік береді.
ЕК Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұстафа Ферати Қазақстанға заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде ВА елге қайтаруға көмектесуге дайындығын білдірді.
Семинарда сөз сөйлеген ҚР Страсбургтағы Бас консулдығының кеңесші-уәкілі С. Василенко серіктестердің назарына еліміздің Кірістерді жылыстату, сәйкестендіру, тәркілеу туралы конвенцияға және Қылмыстық және терроризмді қаржыландырудан түскен кірістерді тәркілеу туралы конвенцияға қосылуға ниеті туралы ақпаратты жеткізіп, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитетімен (MONEYVAL) тығыз ынтымақтастық орнатудағы жоспарлар жайлы баяндады.
Қылмыстық істердегі ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық конвенцияларды (PC-OC) пайдалану жөніндегі сарапшылар комитеті Хатшылығының басшысы Хасан Бермекпен кездесу барысында, қылмыстық сот төрелігі саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкестендіру барысы туралы жан-жақты талқылап, еліміздің ЕК №30 Конвенциясына (құқықтық көмек туралы) қосылу алгоритмі әзірленді.
Анықтама: PC-OC Комитеті қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы ЕК Конвенцияларына қосылуға ниетті елдердің өтініштері бойынша қорытынды береді.