Францияның Үлкен Шығыс өңірінің төрағасы Франк Лёруа Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі және халқымызды келе жатқан Республика Күнімен құттықтайды

Францияның Үлкен Шығыс өңірінің төрағасы Франк Лёруа Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі және халқымызды келе жатқан Республика Күнімен құттықтайды

СТРАСБУРГ, 2023 ж. 20 қазан – Францияның Үлкен Шығыс (ҮШ) өңірінің төрағасы Франк Лёруа ҚР Страсбург қаласындағы Бас консулы Әнуарбек Ахметовті қабылдап, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Өңір басшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіліп жатқан саясаты мен реформалары, оның сыртқы саяси және экономикалық бастамалары, сондай-ақ ҮШ-мен ынтымақтастықтың кең күн тәртібі туралы ақпарат берілді.

2020 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған Страсбургтағы ҚР Бас консулдығы үш жыл ішінде екі тарап делегацияларының сапарларын ұйымдастырды, бірлескен экономикалық және гуманитарлық жобаларды пысықтады, ірі саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар арасынан "Қазақстанның достары" шеңберін кеңейтті.

Тараптар ҚР-да құрылыс материалдарын, азық-түлік және аграрлық өнімдерді өндіру саласындағы нақты инвестициялық жобалардың дамып келе жатқанын, сондай-ақ медицина, жоғары және техникалық білім беру саласындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастықтың кеңеюін құптады.

А. Ахметов Ф. Лёруа басқаруындағы француз Үлкен Шығыс өңірінің әкімшілігіне Павлодар облысының әкімдігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен өңіраралық ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Франк Лёруа орталықсыздандыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, цифрландыру және т. б. салалардағы жобаларды дамыту саласында тәжірибе алмасуға аса назар аудара отырып, осындай өңіраралық ынтымақтастықты орнатуға дайын екенін білдірді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін алдағы уақытта бейне-келіссөздер ұйымдастыруға қол жеткізілді.

Қорытындылай келе, Францияның Үлкен Шығыс өңірінің төрағасы Франк Лёруа келе жатқан Қазақстанның Республика Күніне орай ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа және Қазақстан халқына жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, ол Бас Консул А.Ахметовке Страсбургтағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты одан әрі табыс тіледі.

Астанасы Страсбургта орналасқан Үлкен Шығыс (Grand Est) атты ең үлкен және ең дамыған француз аймағы Францияның солтүстік-шығысындағы әйгілі Эльзас, Лотарингия, Шампан және басқа аумақтарды қамтиды. Бүкіл елдің 10% алып жатқан аймақ Бельгия, Люксембург, Германия және Швейцариямен шектесіп, Францияның жетекші экспорттаушы және өнеркәсіптік қуаты болып табылады. Аймақ экономикасының негізін (Францияның ЖІӨ-нің 7% немесе шамамен 150 млрд. еуро) машина жасау, металлургия, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм, көлік және логистика құрайды.