Шығыс Францияның мұражайлары мен кітапханаларының сақтаушылары ежелгі Қазақ мемлекетін зерттеу үшін алғаш рет өз қоймаларын ашады

Шығыс Францияның мұражайлары мен кітапханаларының сақтаушылары ежелгі Қазақ мемлекетін зерттеу үшін алғаш рет өз қоймаларын ашады

Нанси, 2023 ж. 3 қазан. Страсбургтағы ҚР Бас консулдығының қолдаумен Лотарингия мұражайы алғаш рет Қазақ мемлекеті туралы ең ерте еске салатын, XVI ғасырдың сирек кездесетін глобусын, ал Страсбургтың Ұлттық кітапханасы қазақтардың тарихы туралы ортағасырлық атластар мен карталарды егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік берді.

Мұражай Францияның шығысында Нанси қаласында, нақтырақ Лотарингия герцогтарының тарихи Сарайында орналасқан. Картография контекстінде мұражайдың басты асыл тасы – бұл "Нанси глобусы", герцог Карл IV тапсырысы бойынша күміс пен алтыннан ортағасырлық кубогы түрінде жасалған. Оның сыртында сол кездегі еуропалықтарға белгілі мәліметтер мен жаңалықтарға негізделген түбегейлі географиялық сипаттамасы бар.

Мұражай мұрасының сақтаушысы Пьерр-Ипполит Пэнэ, Бас Консул Әнуарбек Ахметовпен және қазақ ғалымы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровпен әңгімелесу барысында, ғылыми және мәдени байыту үшін ҚР-мен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

"Біздің алмасуларымыз нәтижелі болады деп үміттенеміз. Тарих пен мәдениет туралы одан да көп білім беру арқылы біз мұражайларда бар бірегей артефактілер мен жауһарларды танымал ете аламыз деп сенеміз. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Сирек глобусымыз сіздің еліңіздің бірегей тарихын айқын көрсетуге және қазақтардың назарын аударуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", - деді П.Пэнэ.

Франциядағы маңыздылығы мен кітап қоры бойынша екінші орында тұрған XVI-XVIII ғасырлардағы бірегей атластары мен карталары бар Страсбургтың Ұлттық кітапханасы біздің ғалымдар мен дипломаттар үшін Қазақ мемлекетінің географиялық орналасуы, оның аймақтағы саяси және экономикалық ықпалы туралы құнды мәліметтерді қамтитын өз қоймаларын ашты. Еуропа орталығында ежелгі жол қиылысында орналасқан Страсбург кітапханасында құнды кітаптар мен артефактілердің бай жинақтамасы бар.

Кітапхананың Ғылыми саясат және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Кристоф Дидье Қазақстанға өзінің тарихын зерттеуге жәрдемдесу ол үшін үлкен мәртебе екенін белгілеп, ғылыми, мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.

"Біз Қазақстанмен бірлескен жобаларды қарастыруға дайынбыз және келешектегі ынтымақтастыққа үміттенеміз. Сіздерге пайдалы бола алатын кітапхананың бірегей тарихы мен үлкен әлеуеті бар", - деп атап өтті К.Дидье.

 

Мұндай елеулі оқиғалар Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында орын алатыны өте рәмізді бола отырып, отандық және шетелдік ғалымдардың, сарапшылардың, саясаткерлердің, журналистердің мемлекеттілігіміздің бай және ежелгі тарихы туралы іс жүзіндегі білімдерін нығайтады.