Шетелде оқитын студенттерді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жүйесінде тіркеу туралы

Шетелде оқитын студенттерді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жүйесінде тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Заңының 26 – бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналарды мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.

Алайда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – БҒМ) ақпараттық жүйесінде жоқ, себебі Қазақстан аумағында осы тұлғалар студент ретінде тіркелмеген. Осыған байланысты, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін шетелдік ЖОО-да оқып жүрген студенттерге egov.kz электрондық үкімет порталында төменде көрсетілген сілтеме арқылы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде, анықтаманы (оқу орнынан) тіркей отырып, өтінім беру қажет.

https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/6-51pass_mon