ҚР жастар делегациясы Францияның Эльзас өңірінің басшылығымен кездесті

ҚР жастар делегациясы Францияның Эльзас өңірінің басшылығымен кездесті

СТРАСБУРГ, 09 маусым 2023 ж. – Қазақстанның Страсбургтағы Бас консулдығы ҒӨБ, бизнес, білім беру, мемлекеттік органдар өкілдерінен және халықаралық ұйымдардың тағылымгерлерінен құралған ҚР жастар делегациясы Эльзас Еуропалық Қоғамдастық департаментінің вице-президенті Николя Маттпен және осы департаменттің Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Каролин Кельнермен келіссөздерін ұйымдастырды.

Жастар көшбасшылары Эльзас басшылығына Қазақстан Президентінің жастар саясаты және орталықсыздандыру саласындағы реформалары, сондай-ақ жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытуға және еріктілер қызметіне белсенді қатысуы туралы ақпарат берді.

Н.Матт Қазақстан тарапымен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді. Н.Матт Страсбург университетінің Вице-президенті ретінде Эльзастағы қазақ студенттердің өмірін жақсартуға я көмектесуге дайын екенін айтты.

Сол күні Бас консулдық жастар делегациясы мен Страсбургта оқитын қазақ студенттер арасында кездесу ұйымдастырды. Қазақстандағы жастардың біліміне, мансаптық өсуіне және мүмкіндіктеріне байланысты мәселелер талқыланды. Іс-шара шеңберінде басқа елдерде жүзеге асырылған табысты бастамалардың, студенттік қауымдастықтардың мысалдары ұсынылды, сондай-ақ оларды бейімдеу және Францияда оқитын қазақстандық студенттерді ортаға енгізу жолдары мен құралдары талқыланды. Қатысушылар француздық білім алғаннан кейін Қазақстанда жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

 

Анықтама: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Төменгі және Жоғарғы Рейн департаменттерінің кеңестері Еуропалық Эльзас қауымдастығын  құрады. Халқы 1,895,811 адам. Астанасы-Страсбург қаласы.