
Страсбург, 2023 жылғы 7 наурыз - ҚР-ның Страсбургтағы Бас консулдығы Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың Еуропа Кеңесінің (ЕК) басшылығымен келіссөздерін ұйымдастырды.
Омбудсмен Еуропа Кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Бьорн Бергемен, Венециялық комиссияның Департаментінің директоры Сергей Кузнецовпен, Үйлестіру бағдарламалардың Департаментінің директоры Клаус Нойкирхпен, Ынтымақтастық бағдарламалардың Департаментінің басшысы Лилия Гретарсдоттирмен, ЕК Адам құқықтары жөніндегі Комиссарының кеңесшісі Жералдин Маттиоли-Зелтнермен және басқа да шенеуніктермен кездесті.
А. Ластаев серіктестерді Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жағдаймен, ұлттық құқық қорғау институтының қызметімен, оның жаңа өкілеттіктерімен жан-жақты таныстырды, сондай-ақ елімізге жоспарлы жәрдемдескені үшін Еуропа кеңесінің басшылығына алғысын білдірді. Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін озық әлемдік тәжірибелерге сәйкестендіру процесіне зор мән беретініне көңіл аударды. 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарға сайлау өткізуге дайындықты қоса алғанда, ҚР-да болып жатқан ішкі саяси процестер туралы хабарлады.
Еуропа Кеңесінің атынан Бьорн Берге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстан Үкіметіне қажетті көмек көрсетуді жалғастыруға дайындығын білдірді. Еуропа Кеңесі республикаға жоғары қызығушылық танытып, құқық қорғау және құқық қорғау жүйесін қайта құруды, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерді қоса алғанда, жаңғырту процесін оң бағалайтынын атап өтті.
С.Кузнецов Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы елде жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беретінін айтты. Қазақстан конституциялық түзетулерді, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Заңды қоса алғанда, заң жобаларына Комиссияның ұсынымдарын ескеретінін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары институционалдық құзыреттерді, сараптамалық әлеуетті нығайту, білікті мамандарды, әсіресе Қазақстан өңірлеріндегі Омбудсмен өкілдіктерінде даярлау жөніндегі ықтимал бірлескен жобаларды талқылады. Құқық қорғау қызметінің басым салаларында бірлескен іс-шараларды өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Жалпы Еуропа Кеңесінің басшылығы Қазақстанның адам құқықтары саласындағы жүргізіліп жатқан саясатына қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.