Еуропа Кеңесінің Басшылығы: жоспарланған реформалар демократияны нығайтуға әкеледі

Еуропа Кеңесінің Басшылығы: жоспарланған реформалар демократияны нығайтуға әкеледі

СТРАСБУРГ, 28 наурыз 2022 ж.– Еуропа Кеңесінің жергілікті және өңірлік билік Конгресінің бас хатшысы Андреас Киефер Қазақстан Президентінің орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту аясындағы реформаларына қолдау білдірді.
Еуропа Кеңесінің негізгі директораттарының басшылары Александр Гессель (саяси мәселелер бойынша) және Верена Тэйлор (бағдарламалар бойынша) Мемлекет басшысының Жолдауымен мұқият танысып шығып, жалпы Президент ұсынған барлық бастамалар елді оң өзгерістерге, демократияны нығайтуға, құқық үстемдігін сақтауға және азаматтардың құқықтарын қорғауға алып келе жатқанын атап өтті.
Мұндай хабарламалар сұхбаттасушылардың Страсбургтағы ҚР Бас консулы Әнуарбек Ахметовпен кездесу барысында атап өтілді.
"Біз Қазақстанның орталықсыздандыру саласындағы күш-жігерін қолдаймыз және Еуропа елдерінен біздің жергілікті көшбасшылардың жинақталған тәжірибесі мен қуатына ие бола отырып, елге қажетті жәрдем көрсетуге дайынбыз. Конгресс іс-шараларында сіздің еліңіздің жергілікті билік өкілдерін көруге қуанышты боламыз. Қазақстанда алда болатын өзгерістердің ауқымын түсіне отырып, біз өз тәжірибемізден, бұл "спринтерлік жүгіру" емес, үлкен ұстамдылық пен дәйектілік қажет ететін "ұзақ қашықтыққа марафон" болатындығын атап өткізіміз келеді", - деді А.Киефер.
"Мен Президент Тоқаев көздеген реформаларды қолдаймын және барлық бағыттар бойынша Еуропа Кеңесі институттарымен ынтымақтастық мүмкіндіктері бар екенін көріп отырмын, - деп В.Тейлор Жолдаудың таныстырылымын қарап отырып бөлісті, - Сондықтан біз қазақстандық мемлекеттік органдарға таяу уақытта нысаналы тренингтер ұсынуға дайынбыз".
"Президент Тоқаевтың жолдауын өзім қарап, тыңдап шыққан соң, мемлекеттегі алдағы ішкі саяси реформаларының ауқымдылығын түсіне отыра, басшылықтың демократиялық институттарды нығайтуға деген нық көзқарасын көріп отырмын. Осы ретте біз Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бағдарын жалғастыратынына көздеріңізді жеткізгіміз келеді", - деді А.Гессель.
Анықтама: Еуропа Кеңесінің жергілікті және өңірлік билік органдарының Конгресі 46 мүше мемлекеттерінде өңірлік демократияны нығайтумен және жергілікті өзін-өзі басқарудағы Еуропалық хартияның іске асырылуын бақылаумен айналысады. Конгресс құрамына Еуропа Кеңесіндегі мүше мемлекеттерінің 150 мыңнан астам жергілікті және өңірлік билік органдарының 612 өкілдері кіреді. Еуропа Кеңесінің саяси мәселелер жөніндегі директораты ұйымның сыртқы саяси бағытын жасап шығарады, ал бағдарламалар жөніндегі Директорат ұйым үшін басымдықты елдерге техникалық қолдауды әкімшілендірумен айналысады.