Еуропалық Қоғамдастықтың вице-президенті Николя Маттпен кездесу туралы

Еуропалық Қоғамдастықтың вице-президенті Николя Маттпен кездесу туралы

СТРАСБУРГ, 2022 ж 23 ақпан – Страсбургтағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Әнуарбек Ахметов Эльзас еуропалық қоғамдастығының (СЕА) вице-президенті Николя Маттпен кездесті. Кездесу аясында тараптар Қазақстанның жаңадан құрылған СЕА департаментімен өзара тиімді ынтымақтастығының перспективаларын талқылады (2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Төменгі және Жоғарғы Рейн департаменттерінің кеңестері Эльзас Еуропалық қауымдастығын құрады).

Бас консул Ә.Ахметов сұхбаттасына Президент Қ.Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары, Қазақстанның инвестициялық ахуалы және Үлкен Шығыс өңіріндегі Бас консулдықтың қызметі туралы айтып берді.

Н.Матт француз тарапының білім беру саласындағы, ең алдымен Страсбург университетімен, экономикалық және мәдени байланыстар саласындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.