Францияның Үлкен Шығыс аймағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы "Forte-Trio" тобының концерттерімен тойланды.

Францияның Үлкен Шығыс аймағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы "Forte-Trio" тобының концерттерімен тойланды.

МЮЛУЗ, НАНСИ, 18 желтоқсан 2021 ж. – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Францияның Мюлуз және Нанси қалаларында қазақстандық “Forte-Trio” ұжымының концерттері өтті.

Концерттер Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы және Мюлуз бен Нэнси қалаларының әкімшіліктерінің бірлескен жобасымен, сондай-ақ “Art Ambassadeurs” қазақстандық қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. Трио музыканттары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның негізін қалаушысы Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұрат Нарбеков (виолончель) пен Шолпан Манкеева (скрипка) әлем классикасының жауһарлары мен қазақ туындыларын шебер орындап шықты.

16 желтоқсанда музыканттар Мюлуз қаласындағы 1868 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан беделді “Théâtre de la Sinne” театрында өнер көрсетті. Эльзас аймағы мен қала тұрғындары қазақстандықтармен Тәуелсіздіктің 30 жылдығының мерекелеуіндегі салтанатты сәттерімен бөлісті, оның ішінде “Форте Трио” музыканттарының Қазақстан Республикасының әнұранын орындауы болды. Мюлуз қаласы әкімінің орынбасары Эмманюэль Суарес өз сөзінде қзақстандықтарды басты мерекемен құттықтап, біздің елімізбен барлық салада, әсіресе мәдениет саласында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Келесі күні, классикалық және қазақ музыкасы 18 ғасырда салынған Нанси қаласындағы Патша Сарайының (әкімдік ғимараты) сәнді залдарында бұрынғы сән-салтанатын жаңғыртып, қонақтарды мерекелік атмосфераға енгізді. Нанси әкімінің орынбасары Антуан Ле Солез еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан делегациясы үшін Франциядағы ең әдемі сарайлардың бірінің залдарын ашу, ол үшін үлкен мәртебе екенін баса айтты. Қазақстан халқын мерекемен құттықтай отырып, ол Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосып жүрген, Нанси қаласындағы Лотарингия университетінде 60-тан астам магистранттар мен докторанттар білім алғанын айта кетті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Бас консулы Әнуарбек Ахметов Мюлуз және Нэнси қалаларының әкімшілігіне көрсеткен көмектері үшін алғысын білдіріп, бұл қалаларда Қазақстанның Тәуелсіздігін мерекелеу алғаш рет өткізіліп отырғанын баса айтты. Ол тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктер мен қазақ мемлекеттілігінің көне тарихы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың еліміздің демократиялық дамуына бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары жайлы хабардар етті.

Шақырылған қонақтар – саясаткерлер, дипломаттар, кәсіпкерлер, мәдениет қайраткерлері мен ғылымдар, журналисттер және студенттер көптеген жағымды әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық даму саласындағы жетістіктеріне арналған фотосуреттер экспозициясымен танысты.