Страсбург университетінің студенттері Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерімен танысты

Страсбург университетінің студенттері Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерімен танысты

СТРАСБУРГ, 12  қараша 2021 ж. - "SciancePo Strasbourg"  Жетекші француз институтында, зерттеулерге маманданған және Страсбург университетіне кіретін"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: жетістіктері мен сын-қатері " тақырыбында презентация өтті. 

"SciancePo Strasbourg" институты Халықаралық қатынастар (болашақ дипломаттар), мемлекеттік басқару, саясаттанушылар, құқықтанушылар және қаржыгерлер саласында мамандарды дайындайды.

Страсбургтағы ҚР Бас консулы Әнуарбек Ахметов студенттер алдында Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері, еліміздің халықаралық бастамалары, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саяси жаңғырту және әлеуметтік реформалар жүргізу жөніндегі күш-жігері туралы презентация жасады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Франция арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы, сондай-ақ осының нәтижесінде екі мемлекет үшін әлемдік аренадағы бәсекелестік артықшылықтар туралы айтылды.

Аймақтық мәселелерді мұқият зерттей келе, болашақ француз дипломаттарын Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді пайдалану, Арал теңізін сақтап қалу әрекеттері, инвестициялық саясат пен жер қойнауын пайдалану мәселелері қызықтырды.

Студенттер Қазақстан тарихынан, оның экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық әлеуетінен көптеген фактілер мен деректерді алғаш рет білгендерін мойындады. Олардың айтуынша, бұл оларға еліміздегі қазіргі жағдайдың объективті көрінісін, оның өңірлік және жаһандық процестерге әсерін көруге көмектеседі.