Меню

Страницы

Статья

Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама Францияға баратын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Франция арасында визалық режим қолданылады.
  • Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты — шетелдік паспорт.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..

Кедендік бақылау:

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
  •  «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

-

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Францияда болған кезде сол елдің заңдары сізге қатысты күшіне енеді, және сіз оларды қатаң сақтауға міндеттісіз. Ел заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
  • Этикет пен моральдың жалпыға ортақ нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сай түзетіп отырыңыз, жергілікті менталитетті құрметтеңіз.
  • Шет тілінде негізгі сөздер мен тіркестерді білу елде болуды жеңілдетеді және жергілікті халық тарапынан жылы қабылданады.
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен алдын ала танысыңыз: саяси ахуал, климаттық жағдай, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлердегі мінез-құлық ерекшеліктері.

Пайдалы ақпарат:

  • Google maps сынды мобильді карталарды алдын ала орнату

  • Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері — Apple Pay

  • Банк карталарының ерекшеліктері — Visa, Mastercard, UnionPay

  • SIM-карта сатып алу қажеттілігі немесе роуминг қосу

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
ҚР Конституциясы мен ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңның аудионұсқасы
20 августа 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
03 августа 2026
Қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жайлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары