Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Бас консулдықтың қызметі Үлкен Шығыс аймағымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған. Үлкен Шығыс аймағы 2016 жылдың 1 қаңтарында құрылғанына қарамастан, оның құрамына кіретін аймақтар (Эльзас, Лотарингия, Шампань-Арденны) қазақстандық делегациялар тарапынан бірнеше рет барған. Өз кезегінде, осы аймақ өкілдері де Қазақстанға жұмыс сапарларын жасап, ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті.

Негізгі оқиғалар мен сапарлар:

  • 2006 ж. – Астана қаласының әкімі Ө.Шөкеев Страсбургқа сапар жасап, “Lohr Industrie” компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.
  • 2007 ж. – Страсбургта Эльзас Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
  • 2009 ж. – Қазақстан-Француз үкіметаралық комиссиясының делегациясы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтановтың басшылығымен Реймс қаласына сапары өтті.
  • 2009 ж. – Эльзас Өңірлік кеңесінің төрағасы А.Рейшар Үлкен Шығыс өңірінің 12 шағын және орта бизнес кәсіпорнының өкілдерімен бірге Астана және Алматы қалаларында қазақстандық компаниялармен кездесулер өткізді.
  • 2011 ж. – Астана қаласы әкімдігінің және «ҚТЖ» делегациясы Реймс қаласына сапар жасап, “Alstom” компаниясымен елордада жеңілрельстік трамвай көлігін құру мүмкіндіктерін талқылады.
  • 2021 ж. – Түркістан облысының фермерлер делегациясы Мец қаласында өткен “Агримакс-2021” халықаралық мал шаруашылығы көрмесіне қатысты.
  • 2022 ж. – Бас консулдың Эльзас Еуропалық қауымдастығының вице-президенті Н.Маттпен кездесуі өтті.
  • 2024 ж. – Бас консулдың «Эльзас Еврометрополь» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ж.Хаймбургермен кездесуі өтті.
  • 2024 ж. – Страсбургтың халықаралық басқару мектебінің алаңында қазақстандық “Arba Wine” шарап өнімдерінің Франция мен Еуропадағы экспорттық әлеуетін ілгерілету мақсатында онлайн семинар өткізілді.
Дата публикации
05 апреля 2021
Дата обновления
05 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
ҚР Конституциясы мен ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңның аудионұсқасы
20 августа 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
03 августа 2026
Қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жайлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары