Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық негізінде жүйелі түрде дамып келеді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың берік іргетасын 2013 жылдың 1 наурызда Қазақстанға Францияның Сыртқы істер министрі Л.Фабиустың сапары барысында қол қойылған жоғары білім және зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісім қалады (келісім 2016 жылдың 4 сәуірінде күшіне енді).

 

Негізгі оқиғалар мен сапарлар:

  • 2009 ж. – Лотарингия университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Гео-Энергетика» Қазақстан-Француз ғылыми-білім беру орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
  • 2012 ж. – Лотарингия университетінің проректоры К.Томбром бастаған ғылыми делегация Алматы және Астана қалаларына сапар жасады.
  • 2012 ж. – ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Страсбургқа сапар жасады.
  • 2017 ж. – «Болашақ» Қазақстандық халықаралық бағдарламалар орталығының делегациясы Нанси қаласындағы ENSIC-те болып, Лотарингия университетінде қазақстандық студенттердің оқуы және аспиранттардың тағылымдамалардан өту мәселелерін талқылады.
  • 2019 ж. – Страсбургта Абай атындағы МАОБТ және «Отырар сазы» оркестрінің концерттері өтті.
  • 2021 ж. – ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Мюлуз және Нанси қалаларында «Форте Трио» ансамблінің концерттері ұйымдастырылды.
  • 2022 ж. – Страсбургта «Қазақстан мен Эльзас бейбітшілік, достық және келісім үшін» атты алғашқы Қазақстан-Франция веложарысы өтті.
  • 2022 ж. – Нанси қаласында Қазақстан мемлекеттік симфониялық оркестрі және скрипкашы А.Мұсаходжаева өнер көрсетті.
  • 2022 ж. – Қазақстан алғаш рет Страсбургтағы Еуропалық жәрмеңкеге қатысып, өз мәдениеті, дәстүрлері және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
  • 2022 ж. – Страсбург университетінің сарайында және Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде суретші К.Күюковтың суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
  • 2023 ж. – ҚР Ұлттық музейі мен Үлкен Шығыс өңірінің «Хартмансвиллеркопф» ескерткіштерінің Ұлттық комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
  • 2024 ж. – «FORTE TRIO» камералық-аспаптық ансамблінің концерті Страсбургтағы Еуропалық парламент депутаттары қауымдастығының алаңында өтті.
  • 2024 ж. – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде қазақстандық әйелдеріне арналған «Unveiling Strength: a visual Journey for Gender empowerment in Kazakhstan» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
  • 2024 ж. – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде қарусыздандыру және азаматтардың экологиялық құқықтарына арналған «Әлем үйлесімі: қарусыздану және экологиялық қауіпсіздік» фотокөрмесі өтті.
  • 2024 ж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мен Халықаралық ғарыш университеті (ISU) арасында онлайн-кездесу өтті.
  • 2024 ж. – «КМГ Инжиниринг» басқарма төрағасы Р.Утеевтің қазақстандық мамандарды жергілікті жоғары оқу орындарында оқытуды кеңейту мақсатында академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған сапары өтті.
  • 2024 ж. – Бас консулдың Еуропалық керамикалық өнер институтының басшылығымен кездесуі өтті.

 

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
ҚР Конституциясы мен ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңның аудионұсқасы
20 августа 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
03 августа 2026
Қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жайлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары