Меню

Страницы

Статья

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл

2026 жылғы тамызда Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуын атап өтеді. Бұл – еліміздің қазіргі заманғы тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып табылады және Қазақстанның ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау саласындағы саясатының қалыптасуына елеулі ықпал етті.

Семей ядролық сынақ полигонының тарихы 1949 жылғы 29 тамызда Кеңес Одағының алғашқы ядролық сынақ өткізуінен басталды. Кейінгі төрт онжылдық ішінде полигон КСРО-ның ядролық бағдарламасын іске асырудың негізгі нысандарының бірі болды.

Қазақстан аумағында 456 ядролық жарылыс (оның ішінде атмосфералық, жерүсті және жерасты ядролық сынақтары) жүргізілді. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген ядролық сынақтар қоршаған ортаның радиациялық ластануына және іргелес аумақтардағы халық үшін ұзақ мерзімді жағымсыз салдарға алып келді. Қазақстанның мемлекеттік органдарының бағалауынша, радиациялық әсерге 1,3 миллионнан астам адам ұшыраған.

  1991 жылғы 29 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Кейіннен Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады.

Қазақстан ядролық қаруға ие емес мемлекет мәртебесін нығайта отырып, КСРО-дан мұраға қалған әлемдегі көлемі жөнінен төртінші ракеталық-ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Аталған арсеналдың құрамында 100-ден астам зымыран, 1 040 ядролық оқтұмсық, 40 стратегиялық бомбалаушы ұшақ және қанатты зымырандарға арналған 300-ден астам оқтұмсық болды.

Семей ядролық сынақ полигонының экологиялық және гуманитарлық мұрасы Қазақстанның қазіргі мемлекеттік саясаты үшін де өзектілігін сақтап отыр. 35 жыл өткеннен кейін өңірді оңалту жөніндегі қызмет белсенді жабу кезеңінен терең ғылыми зерттеу және ұзақ мерзімді экологиялық сүйемелдеу кезеңіне өтті.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы Қазақстан тарихындағы маңызды белес болып табылады және ядролық сынақтар мен ядролық қарудың таралуына жол бермеу қажеттілігіне қайта назар аударуға негіз болады. Қабылданған шешім тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы маңызды кезеңге айналды.

Бүгінде Қазақстан ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері бойынша БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайтып келеді. Сонымен қатар Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) тезірек күшіне енуін қолдайды.

Семей ядролық сынақ полигонының тәжірибесі ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді гуманитарлық және экологиялық салдарын және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен болашақ ұрпақты қорғау жөніндегі бірлескен күш-жігердің қажеттілігін еске сала отырып, халықаралық маңызын сақтап отыр.

Қазақстан Республикасы – ядролық сынақтардың зардаптарын бастан өткерген әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі ретінде ядролық қарусыздануды дәйекті түрде қолдайды және барлық мемлекеттердің жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін мүлтіксіз сақтауын жақтайды.

Дата публикации
20 августа 2026
Дата обновления
20 августа 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
ҚР Конституциясы мен ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңның аудионұсқасы
20 августа 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
03 августа 2026
Қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жайлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары