Меню

Страницы

Статья

Домбыра туралы тарихи-анықтамалық мәлімет

«Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі,

көпті көрген қарияның көкірек күйі»

Ахмет Жұбанов

 

Қазақ халықының сан салалы өнері ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып табылады. Домбыра – қазақ халқының тарихын, дүниетанымы мен салт-дәстүрін бейнелейтін рухани мәдениеттің маңызды нышаны әрі ұлттық музыкалық аспап болып табылады.

Археологиялық және этнографиялық деректер бойынша домбыра тектес аспаптар Еуразия даласында мыңдаған жыл бұрын қолданылған. Кей деректерде оның тарихы 2000-6000 жыл аралығын қамтитыны айтылады. Музыкалық аспаптың қалыптасуы көне замандардан бастау алады. Алтайдан Анадолғы дейінгі түркі тілдес халықтарда домбыра аспабы кеңінен тарлаған. Алғашқы домбыра аспапбының пайда болып, шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады.

 Академик Ахмет Жұбанов: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең ауялы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады» дейді.

Домбыра аспабының ең көне нұсқалары Алтай-Моңғол тауларындағы Жарғаланд-Қайырқан жоталарындағы үңгірлерден екі ішекті пернелері бар домбыра аспабы  табылған. Алғашқы табылған саз аспабының шанағында көне жазулар болған.  Ол жазуларды Берлиндік түркітанушы ғалым Питер Симе  оқып, түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлының айтуы бойынша  «Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді» - деп жазылған. Бұл құнды жәдігер б.з.д 5-6 ғғ. жатады.

Домбыра екі ішекті, көп пернелі шертпелі аспап болып табылады және қазақтың рухани-мәдени өмірінің ажырамас бөлігі саналады. Негізінен оң (кварта) және теріс (квинта) бұрауларға келтіріледі. Домбыра бірнеше бөліктен тұрады: бас, құлақ, перне, мойын, шанақ, бетқақпақ, тиек. Домбыра аспабы ағаштан шауып жасалады. 

Еліміздің әр өңірінде домбыра аспабының түрлі формадағы түрлерін көруге болады. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың  орындаушылық мәнеріне, аспап жасаушы шеберлердің шеберлігіне  байланысты дамып, өзгеріп отырған.  

Қазақ халқының домбыра аспабында орындаушылық музыка өнері XIX  ғасырда ерекше дамыды. Қазақ халқында домбыра аспабында күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан: Төкпе күйшілік дәстүр және Шертпе күйшілік дәстүрі қалыптасты.

Домбыра аспабын өмірінің мәніне айналдырған ұлт тарихында күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Сейтек Оразалиев, Сүгір Бегендікұлы,  Дәулеткерей Шығайұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы, Есбай Балұстаүлы, Қожеке Назарұлы, Әлшекей Бектібайұлы, Дина Нұрпейісова сынды күйші-композиторлар қазақтың домбыра аспабы арқылы дүстүрлі күйшілік мектептерді қалыптастырды.  Көптеген домбыра аспабы арқылы күй шерткен ұлы күйшілердің музыкалық аспаптары Алматы қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық халық аспаптар музейінде сақталған.

Қазақтың аспаптық музыкасының көрнекті күйлерінің қатарына XIX ғасырда ұлы композитор әрі халық музыканты Құрманғазы Сағырбайұлы шығарған «Сарыарқа» күйі жатады. Бұл күй қазақ даласының символы ретінде әділ түрде танылып, Сарыарқа (Орталық Қазақстан) кеңістігінің еркіндік рухын, ішкі қуатын және шексіз кеңдігін бейнелейді.

Күйдің тарихы автордың драмалық тағдырымен, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресімен және қуғын-сүргін кезеңдерімен тығыз байланысты. Халық аңыздарына сәйкес, шығарманың тууына шексіз дала кеңістігі шабыт берген. Сол далада композитор ішкі рухани серпіліс пен еркіндікке ұмтылысты сезіне отырып, өз көңіл-күйін домбыра үні арқылы жеткізген. «Сарыарқа» тек музыкалық шығарма ғана емес, сонымен қатар қиындықтарды еңсерудің және адам рухының қуатын танытудың көркем көрінісіне айналды.

Музыкалық тілі тұрғысынан бұл күй төкпе күйлер дәстүріне жатады. Оған серпінділік, айқын ырғақтық құрылым және күшті орындаушылық энергия тән. Музыкада шапшаң қозғалыс пен ішкі серпіліс бейнелері айқын көрініс тауып, кеңістік пен еркіндік сезімін қалыптастырады.

Құрманғазының тағы бір әйгілі шығармасы – «Адай» күйі. Ол әлеуметтік толқулар мен ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңінде дүниеге келіп, Маңғыстау түбегін тарихи мекендеген жауынгер Адай руына арналған. Бұл шығармада олардың табандылығы, ұйымшылдығы және тәуелсіздік жолындағы ымырасыз күресі, сондай-ақ бүкіл қазақ халқының еркіндік сүйгіш рухына деген құрмет бейнеленеді.

Аталған шығарма да Батыс Қазақстанның төкпе күй дәстүріне жатады және бай аккордтық техникасымен әрі шапшаң қарқынымен ерекшеленеді. Сонымен қатар күй тек көркем бейнелеумен шектелмей, философиялық мазмұнға ие болып, ерік-жігер мен ішкі күштің сыртқы жағдайлардан үстемдігін дәріптейді.

Қазіргі музыкалық кеңістікте «Сарыарқа» мен «Адай» күйлері Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасында ерекше орын алады және дәстүрлі түрде де, оркестрлік әрі заманауи өңдеулерде де кеңінен орындалып келеді.

Бүгінгі күні домбыра – тек ұлттық аспап емес, ол Қазақстанның мәдени брендіне айналған рухани құндылық. Заманауи орындаушылар мен кәсіби оркестрлер оның дамуын жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік мәдени кеңістікте танытуда.

Дата публикации
30 июня 2026
Дата обновления
30 июня 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
ҚР Конституциясы мен ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңның аудионұсқасы
20 августа 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
03 августа 2026
Қазақстандық студенттердің назарына: МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер жайлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары