2026 жылы Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 35-жылдығын атап өтеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларация ұлттық заңдардың үстемдігін, халықтың өзін-өзі айқындау және табиғи ресурстарға иелік ету қағидаттарын жариялап, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын анықтады. Бұл тарихи құжат 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялауға берік негізіне айналды.