Ардақты саяхатшылар!
Қазақстанның таңғажайып саяхат әлеміне қош келдіңіздер!
Біздің еліміз – ежелден бері қонақ-жай халқымыздың мекені, табиғат пен тарихи мұралардың керемет үйлесімін өз бойына жинаған ерекше өлке. Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан талай ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты жалғаған көне керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Бұл жерде сайын дала мен асқар таулар, мөлдір көлдер мен ну ормандар қатар жатыр.
Еліміздің әрбір аймағы айрықша көріністерімен есте қалады: оңтүстіктегі тарихи қалалар, батыстағы ғажайып табиғат құбылыстары, солтүстіктегі жасыл ормандар, шығыс пен оңтүстік-шығыстағы биік таулар мен көркем көлдер баршаның таңдайын қақтырып, ерекше әсер сыйлайды. Ал Қазақстанның ең үлкен қалаларының бірі – Алматыдан жарты-ақ сағаттықжерде шаңғы курорттары, көркем ұлттық парк және Алатаудың әсем шатқалдары орналасқан.
Қазақстан – тек көрікті жерлер ғана емес, сонымен қатар қонақжай халық елі. Еліміздің қай өңіріне ат басын бұрсаңыз да, оның өзіне тән дәстүрлі қонақжайлылығына көз жеткізіп, шын жүректен қабылдайсыздар деп сенеміз.
Бұл нұсқаулық – сіздер үшін еліміздің құпияларын ашатын кілт іспеттес. Табиғатқа, мәдениет мұрасына құрметпен қарап, жаңа әсерлер мен білімге дайын болыңыздар. Ел ішіндегі саяхатыңыз сәтті өтіп, жолыңыз жарқын естеліктерге толы болсын!