Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Консулдық және визалық мәселелер
 

Консул:

Данабеков Ерлан Толыбекұлы

Байланыс нөмірлері:

Жұмыс тел.: +33388697513

Ұялы тел.: +33744898908 (тек төтенше жағдайларда)

E-mail: strasbourg@mfa.kz

 


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.

 

Бас консулдықтың (консулдық округ) юрисдикциясына келесі бөлімдер кіреді: Арден, Об, Марна, Жоғарғы Марна, Мёрт-және-Мозель, Мёз, Мозель, Төменгі Рейн, Жоғарғы Рейн және Вогез (Францияның бүкіл Үлкен Шығыс аймағы).

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі: құжаттарды қабылдау/беру уақыты: 09.30– 12.30 сағат аралығында

Қабылдайтын күндер: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері

Қабылдамайтын күндер: Cенбі, жексенбі күндері, сондай-ақ қазақстандық және француз мереке күндері консулдық бөлім жабық болатынын ескертеміз. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Азаматтарды қабылдау жазба бойынша жүргізіледі.

Қабылдауға жазылу онлайн сілтемесі арқылы қол жетімді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

Егер мереке демалыс күндеріне сәйкес келсе, демалыс келесі аптаның бірінші жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының бекітілген ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1, 2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

15 наурыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

21, 22, 23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

25 қазан - Республика күні

16 желтоқсан - ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні

Мұсылман күнтізбесінде белгіленген құрбан айттың бірінші күні- демалыс күн болып табылады. 

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР-ның заңдарына сәйкес мереке күндері болып саналады. ҚР-да мереке күндері жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күндері мереке күндеріне сай келгенде, мереке күннен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып саналады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары