Қазақстан мен Франция арасындағы мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық негізінде жүйелі түрде дамып келеді.
Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың берік іргетасын 2013 жылдың 1 наурызда Қазақстанға Францияның Сыртқы істер министрі Л.Фабиустың сапары барысында қол қойылған жоғары білім және зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісім қалады (келісім 2016 жылдың 4 сәуірінде күшіне енді).
Негізгі оқиғалар мен сапарлар:
- 2009 ж. – Лотарингия университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Гео-Энергетика» Қазақстан-Француз ғылыми-білім беру орталығын құру туралы келісімге қол қойды.
- 2012 ж. – Лотарингия университетінің проректоры К.Томбром бастаған ғылыми делегация Алматы және Астана қалаларына сапар жасады.
- 2012 ж. – ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Страсбургқа сапар жасады.
- 2017 ж. – «Болашақ» Қазақстандық халықаралық бағдарламалар орталығының делегациясы Нанси қаласындағы ENSIC-те болып, Лотарингия университетінде қазақстандық студенттердің оқуы және аспиранттардың тағылымдамалардан өту мәселелерін талқылады.
- 2019 ж. – Страсбургта Абай атындағы МАОБТ және «Отырар сазы» оркестрінің концерттері өтті.
- 2021 ж. – ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Мюлуз және Нанси қалаларында «Форте Трио» ансамблінің концерттері ұйымдастырылды.
- 2022 ж. – Страсбургта «Қазақстан мен Эльзас бейбітшілік, достық және келісім үшін» атты алғашқы Қазақстан-Франция веложарысы өтті.
- 2022 ж. – Нанси қаласында Қазақстан мемлекеттік симфониялық оркестрі және скрипкашы А.Мұсаходжаева өнер көрсетті.
- 2022 ж. – Қазақстан алғаш рет Страсбургтағы Еуропалық жәрмеңкеге қатысып, өз мәдениеті, дәстүрлері және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
- 2022 ж. – Страсбург университетінің сарайында және Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде суретші К.Күюковтың суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
- 2023 ж. – ҚР Ұлттық музейі мен Үлкен Шығыс өңірінің «Хартмансвиллеркопф» ескерткіштерінің Ұлттық комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- 2024 ж. – «FORTE TRIO» камералық-аспаптық ансамблінің концерті Страсбургтағы Еуропалық парламент депутаттары қауымдастығының алаңында өтті.
- 2024 ж. – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде қазақстандық әйелдеріне арналған «Unveiling Strength: a visual Journey for Gender empowerment in Kazakhstan» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
- 2024 ж. – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде қарусыздандыру және азаматтардың экологиялық құқықтарына арналған «Әлем үйлесімі: қарусыздану және экологиялық қауіпсіздік» фотокөрмесі өтті.
- 2024 ж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мен Халықаралық ғарыш университеті (ISU) арасында онлайн-кездесу өтті.
- 2024 ж. – «КМГ Инжиниринг» басқарма төрағасы Р.Утеевтің қазақстандық мамандарды жергілікті жоғары оқу орындарында оқытуды кеңейту мақсатында академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған сапары өтті.
- 2024 ж. – Бас консулдың Еуропалық керамикалық өнер институтының басшылығымен кездесуі өтті.