Утрата гражданства Республики Казахстан

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес ҚР-ның азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және ҚР азаматының паспортын (немесе ҚР азаматтығы туралы мөртабасы бар бұрынғы КСРО паспортын) тапсыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы өтініш беру үшін Сізге алдын ала ҚР Стокгольмдағы консулдык мекемесінің (консулдық округке сәйкес) қабылдауына жазылып, келесі құжаттарды 1 данада ұсынуыңыз қажет:

  1. Консулдың атына жеке өтініш (нысанын "Құжаттарды жүктеу" бөлімінде жүктеп алуға болады);
  2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке куәлік, Сізде ол болса), ал ол болмаған жағдайда ҚР-ның азаматтығы туралы мөртабасы бар бұрынғы КСРО-ның паспорты;
  3. паспорттың келесі беттерінің көшірмелері: жеке деректері бар алдыңғы бет, ТТО-ға шығуға рұқсаты (кету парағы) және де консулдық есепке алу мөрлері бар беттер;
  4. Шетелдік паспортының немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмелері;
  5. қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар Т.А.Ә. өзгерту туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері;
  6. егер бала ата-анасының бірінің төлқұжатына жазылса, онда ол үшін (16 жасқа дейін) не оған (16 жастан кейін) туу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет (егер туу туралы куәлікті неміс құзыретті органы берген болса, онда "Apostille" мөртабанының, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы қажет).

Кәмелетке толмаған балалардың келуі керек емес.

Заявление - утрата гражданства РК
Дата публикации
14 октября 2020