Visas

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ВИЗАСЫЗ РЕЖИМДІ ЖАҢАРТУ ТУРАЛЫ

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 57 мемлекеттің, оның ішінде Швеция Корольдігінің және Дания Корольдігінің азаматтары үшін Қазақстанға визасыз режим жаңартылғанын хабарлаймыз.

Кіру ережелеріне сәйкес Германия азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында әрбір кірген кезде 30 күнтізбелік күннен аспайтын, 180 күндік әрбір кезеңде барлығы 90 күн бола алады.

 

Виза алудың жеңілдетілген тәртібі

Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық бөлімдерінде бір мәртелі А3 (қызметтік), В1, В3 (іскерлік), В10 (жеке) және В12 (туристік) санатты визаларын рәсімдеу кезіңде келесі 48 мемлекет азаматтары: Австралия, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгар Республикасы, Бразилия, Федеративтік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Иордан Хашимит Корольдігі, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Катар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан Республикасы, Малайзия Федерациясы, Мальта Республикасы, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі, Эстон Республикасы шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылады.

Назар аударыңыз: Құжаттар мен визалық сауалнамаларды пошта арқылы жібермеулеріңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасының Елшілігі пошта арқылы жоғалған құжаттар үшін жауапты емес! Құжатарды жеке өзіңіз тапсыруды сұраймыз.

Консулдық мекеме өтініш берушіден қосымша құжаттарды талап ету құқығын сақтайды.

VISA APPLICATION FORM KAZ/ENG
Дата публикации
01 февраля 2022