Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адам шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасыныңазаматтығына жататындығын айқындау туралы өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);
2. 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
4. Іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек қызметті дәлелдейтін құжат, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, мұрағаттық анықтама - шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).