Туу туралы куәлік

Қазақстан Республикасы азаматтарыны4 Швеция және Дания территорияларында туылған баласына туу туралы куәлікті беру жөніндегі өтініші екі ай мерзімінен аспай қабылданады. Қазақстан Республикасының заннамасымен белгіленген баланың туылғанын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда қосымша бала ата-анасының еркін нысанда жазылған түсініктемесі мен баланың денсаулығы туралы анықтама беріледі.

Жеке дербес нөмір (personnummer) алған швед/дат нысанындағы туу туралы куәліктері бар балаларға Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі берілмейді.


Өтініштер бала ата-анасының біреуі келгені жағдайында ғана қабылданады. ҚР туу туралы куәлігін алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттарды беру қажет:

  1. Консулдық бөлімнің белгіленген нысанына сәйкес толтырылған өтініш (бала анасынан және әкесінен өтініштері, ҚР азаматтарынан);
  2. бала ата-аналарының жеке бастарын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. бала ата-анасының неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  4. швед немесе дат үлгісіндегі туу туралы медициналық куәлік апостиль басылған және қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған;
  5. егер ата-ананың біреуі ҚР азаматы болмағандығы жағдайында әкесінің/анасының ҚР туу туралы куәлікті беруге нотариалдық куәландырылған келісімінің түпнұсқасы (орыс немесе қазақ тілдеріне аудармамен бірге);
  6. ағылшын тілінде тіркеуші органның (Skatteverket) туу туралы жазбаның жоқ екендігі туралы анықтамасы (Personbevis, соңында 4 бірегей жеке нөмірі жоқ болуы тиіс);
  7. консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (240 швед кроны).
    Туу туралы куәлігін ресімдеудің мерзімі - 5 жұмыс күн.

Банк реквизиттері:

Embassy of Kazakhstan

Bank*******SEB

Account****5277 110 53 57

IBAN*******SE58 5000 0000 0527 7110 5357

BIC*********ESSESESS

Өтініш
Дата публикации
03 марта 2020