Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, қабілеті жоқ және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесі және оларға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – тізбе) сай келетiн адамдар және олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішіне қоса болу елдің құзыретті органдарымен ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:


  1. сауалнама-өтініш;
  2. өмiрбаян (өз қолымен жазылған);
  3. 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;
  4. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
  6. апостильденген немесе заңдастырылған сотталғандығы болуы туралы анықтама;
  7. тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
  8. балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
  9. сақтау туралы өтініш-келісім;
  10. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
  11. консулдық алымның төленгенi 940 SEK (+ банк комиссиясы) туралы құжат.

Банк реквизиттері:

Embassy of Kazakhstan

Bank*******SEB

Account****5277 110 53 57

IBAN*******SE58 5000 0000 0527 7110 5357

BIC*********ESSESESS



сауалнама-өтініш
Дата публикации
03 марта 2020