Құжаттарды талап ету тәртібі ҚР Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы №08-1/1 және ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы №98 бірлескен Бұйрығымен бекітілген ережелері бойынша жүзеге асырылады (бұдан әрі - ережелер).
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік және азаматтығы жоқ шетелде тұратын тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасай алады. Шет елдерден құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына арыздануы керек.
Ережелердің 4 тармағына сәйкес, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері шет мемлекеттердің аумағына шығаруға, әкетуге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, ережелердің 16 тармағына сәйкес, талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылмайды:
Ереженің 3 тармағына сәйкес, азаматтар өтініш беру арқылы төмендегі көрсетілген құжаттарды талап ете алады:
Шет елден және Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін арызданушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі бес ай және одан астам уақыт алады.
|
Банктік деректер: Embassy of Kazakhstan Bank*******SEB Account****5277 110 53 57 IBAN*******SE58 5000 0000 0527 7110 5357 BIC*********ESSESESS |