Құрметті азаматтар, паспортты ресімдеуге қажетті құжаттарды тапсыру кезінде келесі мәселелерді назарға алуды сұраймыз:
ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес, Қазақстанның шетелдік мекемелерінде ҚР-дың азаматтарына жаңа паспортты ресімдеу үшін келесі тұлғалардан құжаттар қабылданады:
- болу елінің оқу орындарында бір жылдан кем емес мерзімде білім алып жүргендер;
- болу елінде бір жылдан кем емес еңбек келісім-шарты бар жұмысшылар;
- Қазақстанның құзырлы мекемелерімен берілген Қазақстаннан тыс жерде тұрақты рұқсаттың көшірмесі;
- аталған тұлғалармен бірге тұратын отбасы мүшелері.
Қазақстан Республикасының паспортын алу және ресімдеу үшін Сізге тқменде көрсетілген құжаттарды екі данада тапсыру керек:
1. Өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады).
2. Өтініш білдірушінің Швецияда болу себебін растайтын келесі анықтамалардың бірі:
3. Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болған елінің заңнамасында көзделсе, болған еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама. (ағымдағы азаматтығын көрсететін personbevis - Skatteverket, немесе Migrationsverket - Nationellt servicecenter i Norrköping), аударылған және апостильденген;
4. Қазақстандық нысандағы немесе қазақ н/е орыс тілдеріне аударылған, апостиль қойылған швед/дат нысанындағы (жеке нөмірі бар) туу туралы куәліктің көшірмесі;
5. Паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі:
6. Ата-аналардың екеуінің де паспорттарының көшірмесі (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
7. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі, шетелдік органдары берген болса аударылған және апостильденген;
8. Балалардың паспорттарының көшірмелері (16 жасқа дейін);
9. 4 түрлі-түсті фотосурет (3.5х4.5см).
10. Банктік аударым бойынша 900 SEK (+ банк комиссиясы) сомасында төлем.
Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 80-нен 90-ға дейін күнтізбелік күн.
|
Банк реквизиттері: Embassy of Kazakhstan Bank*******SEB Account****5277 110 53 57 IBAN*******SE58 5000 0000 0527 7110 5357 BIC*********ESSESESS |