Құрметті азаматтар!
Өтініш өтініш берушінің тікелей қатысуы кезінде қабылданады. Нотариаттық қызметтерді алу үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттарды беру қажет:
- Еркін нысындағы өтініш;
- ҚР азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (Швецияда/Данияда тұрақты немесе уақытша тұруын растайтын құжатымен бірге);
- Консулдық алымның төлемін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Қажет болған жағдайда Консулдық бөлім қосымша құжаттарды сұрай алады.
Консулдық бөлім келесі нотариаттық іс-әрекеттерді жасайды:
- Мұраға құқық туралы куәлiк беру – 540 швед кроны (+ банк комиссиясы);
- құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру (әр бір құжат үшін) – 300 швед кроны (+ банк комиссиясы);
- құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн) – 300 швед кроны (+ банк комиссиясы)
- азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру – 240 швед кроны (+ банк комиссиясы);
- азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру – 240 швед кроны (+ банк комиссиясы);
- құжаттар берiлген уақытты куәландыру – 240 швед кроны (+ банк комиссиясы);
- заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру – 540 швед кроны (+ банк комиссиясы).
Банк реквизиттері:
Embassy of Kazakhstan
Bank*******SEB
Account****5277 110 53 57
IBAN*******SE58 5000 0000 0527 7110 5357
BIC*********ESSESESS