Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы ынтымақтастық

Жалпы мәлімет

1992 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Қазақстан мен Данияның Елшілері сәйкесінше Стокгольм және Мәскеу қалаларынан қоса атқарушы болып аккредиттелген.

2019 ж. желтоқсаннан бастап Стокгольм қ. резиденциясымен ҚР-дың Даниядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов.

2019 ж. қыркүйектен бастап Мәскеу қ. резиденциясымен Данияның ҚР-дағы Елшісі Карстен Сендергорд.

Саяси қатынастар

2000 жылғы қазанда тарихта алғаш рет екіжақты қарым-қатынас орнатылып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Н. Назарбаевтың Дания Корольдігіне ресми іссапары басталды.

2009 жылы Дания елінің Сыртқы істер министрі П. Меллер жұмыс сапарымен Астана қаласына келді.

2010 жылы ЕҚЫҰ-ның заңды төрағасы ретінде Копенгаген конференциясының мерейтойына қатысу үшін Мемлекеттік Хатшы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Дания еліне іссапармен барды.

2010 жылы Алматы қаласында өткізілген ЕҚЫҰ СІМК-нің бейресми жұмысына Данияның Мемлекеттік Хатшысы А. Стефенсен қатысты.

2010 жылы желтоқсанда Астана қаласында өткізілген ЕҚЫҰ саммитінде Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Л. Эсперсен дат делегациясын бастап келді.

2013 жылы қарашада Фарер аралының Премьер-Министрі К.Й.Йоханнесен іссапармен Астанаға келді.

2013 жылы қарашада Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров Дания еліне барды.

2015 жылы қарашада «Азия-Еуропа» форумына қатысушы-елдердің сыртқы істер министрлерінің 12-кездесуі алаңындағы басқосуда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Дания елінің Сыртқы істер министрі К. Йенсенмен кездесті.

2016 жылғы мамырда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Дания еліне іссапармен барды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің отырысы шеңберінде (2018 ж. ақпан – наурыз, Женева қ.) ҚР Сыртқы істер Министрінің орынбасары Е.Ашықбаев Данияның Сыртқы істер Министрі А.Самуэльсенмен кездесу өткізді.

2019 ж. қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың Копенгаген қаласына ДДҰ желісі бойынша сапары болды.

2019 ж. қазанда Данияға ҚР Жоғарғы Сотының судьясы бастаған ҚР сот органдарының өкілетті делегациясы келді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары