Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Швеция Корольдігі
2011 жылы Вастерос қаласында Қазақстан Елшілігінің, Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының, Швециядағы Қазақ мәдени қауымдастығының және Еуропадағы қазақ диаспора федерациясының қолдауымен Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайы өткізілді.
2015 жылы 25 қарашада Стокгольмде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында халық әртісі Г.Мырзабекованың жетекшілік етуімен «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті өткізілді.
2017 жылы Қазақстанның Ұлттық кітапханасының қолдауымен Стокгольм халық кітапханасында қазақ тілді кітаптарының бұрышы ашылды.
2018 жылы наурызда Стокгольм қаласында Швециядағы қазақстандық жастар ассоциациясы АҚ "Қазақфильм" және Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің қолдауымен Svenska Filminstitutet швед кинематографиясы институтының Кино үйінде қазақстандық фильмдердің көрсетілімін ұйымдастырды.
2018 жылы мамырда Стокгольм қаласында Қазақстанның суретшісі, ҚР-ға еңбегі сіңген Х.Курбановтың «Менің өлкем» атты көрмесі өтті.
2018 жылы желтоқсанда швед туристтерін Қазақстанға тарту мақсатында туристік көрме және қазақтың мәдениеті туралы көрме өтті.
2019 жылы 17-19 қаңтарда Стокгольмге «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Бенберин қартаюға қарсы медицина және геронтология саласындағы сарапшылардың халықаралық симпозиумының (ISEAAG) – 2019 жұмысына қатысу үшін келді.
2019 жылы 15 сәуірде Стокгольм қаласында "The Great Steppe Project" Халықаралық автошеруі аясында Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының қолдауымен Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған "EQUUS: жылқы тарихы" фильмінің көрсетілімі өтті.
2019 жылғы 28 тамызда Стокгольмде ҚР Елшілігі және Қазақстандық жастар қауымдастығы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырған Швециядағы қазақстандық фильмдерінің бірінші фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) директоры Д. Смит пен Швед қауіпсіздік саясаты және даму институтының (ISDP) директоры С. Корнелл 2019 жылы 11-12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Astana Club" мерейтойлық отырысына белсенді қатысты.
2019 жылы 5-11 желтоқсанда танымал қазақстандық дизайнер Балнұр Асанованың сән көрмесі өтті.
2020 жылдың наурыз айында Елшілік қазақстандық дизайнерлерге «Stockholm International Fashion fair 2020» халықаралық сән көрсетілімін ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетті.
2021 жылдың 1 сәуірінде Наурыз мейрамы, сондай - ақ қазақтың ұлы ақындарының мерейтойлары-Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы құрметіне ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен Қазақстанның Швециядағы Елшілігі Қазақстан мен Швецияның академиялық топтары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды.
2021 жылғы 20 тамызда Елшілік «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» тақырыбында онлайн фотокөрме өткізді.
2022 жылғы 26 қыркүйекте ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушысы, ұлттық хат реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстандық жастар қауымдастығы Стокгольм қаласының саябақтарының бірінде мәдени-сауықтыру іс-шарасын өткізді.
2022 жылғы 5 қарашада Стокгольм Кино үйінде Қазақстанның Швециядағы Елшілігі мен Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының қатысуымен Республика күніне орай кино көрсетілімі өтті.
Дания Корольдігі
Қазақстан мен Дания елінің арасында ғылым-білім және мәдени-гуманитарлық аяда ауқымды әлеуетті ынтымақтастық қалыптасты. Соның ішінде ЖОО, ғылыми-зерттеу орталығы саласындағы өзара ықпалдастық болашағы зор бағыттың бірі бола алады.
2019 жылы 31 қазанда Копенгагеннің орталық кинотеатрларының бірі «Nordisk Film Biografer Dagmar» кинотеатрында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты белгілі фильмінің Елшілікпен ұйымдастырылған көрсетілімі өтті.
2019 жылғы 3 қарашада Копенгагенде алғаш рет Елшілікпен ұйымдастырлған Қазақстанның мәдени презентациясы өтті. «Limited works» танымал көркем галереясында бейнелі ұлттық костюмдер мен Ұлы Дала Елінің әдемі табиғаты туралы бірегей фотосуреттер қойылды.
2021 жылғы 23 қарашада Копенгагенде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Ұлттық мерекеге орай Елшілік қонақтарға қазақстандық табиғаттың әсемдігін, Нұр-Сұлтанның қарқынды дамуын және мәдени-тарихи мұраны таныстыратын фотокөрме ұйымдастырды.
Презентацияны тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, еліміздің негізгі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, сондай-ақ халықаралық аренадағы жетістіктері туралы бірқатар бейнесюжеттерді толықтырды.